АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК: Еркелеп болдық қой, жететін шығар?!

2202
Adyrna.kz Telegram

Бұрыннан айтып жүретін бір мысалым бар еді. Айталық, балаңыз сізге еркелеп қыстыкүні балмұздақ сұрайды. Сіз балаңыздың денсаулығын ойлап, оған балмұздақ әпермейсіз. Ол долданып жылайды. Сіз оны жұбатасыз, алдандырасыз, сосын ақылына жүгініп “тамағың ауырады, болмайды, балам” деп түсіндіресіз. Ерке балаңыз оған да көнбей, жер тепкілей бастайды. Сол кезде сіз ұрысасыз. Балаңыз ұрысқан сөзіңізге пысқырып та қарамайды. Сонда сіз не істейсіз?! Дұрыс, көтенінен салып-салып жібересіз. Бала қорыққанынан еркелігін қояды. Бала сізге уақытша ренжіп бұртиғанмен, сіз оны аурудан сақтап қалдыңыз. Құдай мен адамзаттың қарым-қатынасы да осыған ұқсас. Дұрыс өмір сүр, қоршаған табиғатқа мейіріммен қара, берілген дүниені жауапкершілікпен пайдалан, құтырма, “адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп”, материалдық дүниеге көп бой алдырғаннан гөрі, рухани өс деп талай рет Тәңір тарапынан айтылды емес пе?! Тыңдаған қайсымыз бар?! “Мә, ендеше!” болды сосын. Енді жатырмыз, не болар екен деп. Құр жатпайық ойланайық, түйсінейік, түбегейлі іштей де сырттай да өзгерейік. Еркелеп болдық қой, жететін шығар?! Көзге көрінбейтін биттей ғана вируспен екі-үш айда қалай адамзатты тәрбиеледі Құдай?! Вот! Өзіміз де көп нәрсені тез түсіндік. Еркіндік пен аралас-құраластықтың, қауіпсіздік пен үрейсіз өмір сүрудің қадірін аз уақытта сезініп үлгердік. Осымен “аюға намаз үйреткен таяқ” әдісі тоқтаса екен деп оиырмыз. Бұл қатаң сабақтың тезірек тоқтау сіз бен бізге байланысты, бауырлар...

Пікірлер