Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

3399
Adyrna.kz Telegram

АҚШ үкіметі үш аптадағы коронавирус зардабын өтеп, ел экономикасын қолдау үшін ересектерге – 1000, кішкентай балаларға – 500, ал отбасында төрт жаны бар үйлерге 3000 доллардан  үлестіруді қолға алды. Ақ үй бұл мақсатта 500 млрд доллар жұмсауға әзір отыр. Егер індет үш аптада тоқтамаса, алдағы үш апта үшін АҚШ азаматтары тағы да осыншама қаржы алады.

Жаңа Зеландия бұдан да асып түсті. Президент Джасинда Адерн әрбір салық төлеушіге бір жылға 7020 Жаңа Зеландия долларынан төлеуге пәрмен етті. Бұл – 1 млн 772 мың 269 теңге деген сөз.

Украина үкіметі індет уақытында 65 жасқа дейінгі зейнеткерлерді қаржылай қолдауды қолға алды. Зейнетақысы 5000 гривеньге (79 899 теңге) жетпейтін 10 миллионнан астам зейнеткер, 4000-нан астам мүгедек пен әлеуметтік зейнетақыға күні қарап отырған топқа ай сайын қосымша 1000 гривень (15 979 теңге) төлемек.

 Ресей астанасы Мәскеу мэрі Сергей Собинян  карантин тәртібін толық сақтаған зейнеткерлерге 26 наурыздан 14 сәуір аралығында 4000 рубльден (22 756 теңге) төлейтінін хабарлады. Премьер-министр Михаил Мишустин басқа аймақтың губернаторларына  Мәскеу мэрінің ісін үлгі етуге шақырды.

  Қазақстан үкіметі елде төтенше жағдай жариялауға байланысты кіріс көзінен айырылып қалған тұрғындарға айына ең төменгі айлық жалақы көлемінде (42 500 теңге) төлемекші. Мұндай көмекті 1,5 миллион тұрғын алуы мүмкін.

Пікірлер