Жұма намазға заңсыз жинаған

2420
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының назарына

Алматы облысының  Талғар ауданындағы Бірлік аулының тұрғындары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Наурызбай қажы Тағанұлынан көмек сұрап, ауыл иманын қызметтен шеттетуін сұрайды.

Хат мәтіні төмендегідей:

Құрметті Бас мүфти.

Алматы облысы Талғар ауданы Бірлік ауылындағы мешіт имамы кеше жұма намаз өткізді. Жұма намаздан кейін мешіт маңында қатымхана (көп адам жиналып ас беретін қосымша ғимарат) салу жөнінде бастама көтеріп, сол құрылысқа әр үйден 30 мың теңгеден жинауды намазхандарға тапсырып, үй-үйді адақтатып жіберді....

Имамның бұл ісі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қытайвирус індетінің жайылуын тоқтату үшін елде төтенше жағдай жариялау жөніндегі жарлығына қайшы, халықтың қауіпсіздігіне, денсаулығына қатер төндіріп тұр.

Құрметті Бас мүфти.

Осы оқиғаға байланысты Бірлік ауылындағы мешіт имамын қызметінен шеттетіп, қатал шара қабылдауыңызды сұраймыз.

Егер, тез арада оңды шешім қабылдамасаңыз, онда азаматтардың амандығы мен құқықтарын сақтауды кепілдігіне алған ҚР Президенті Қ.Тоқаевтан заңды сыйламайтын басбұзар имамға қатысты қатал шара қолдануды сұраймыз.

Құрметпен,

Бірлік ауылының тұрғындары атынан журналист Ораз Әлімбеков

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер