Біз өзгердік

2775
Adyrna.kz Telegram

1) Тойхана саламын деп жүрген танысымның ойы күрт өзгерді. Енді тым болмаса шұлық-дамбал шығаратын шағын кәсіпорын ашамын деп жүр екен.
2) Ерке Есмахан сияқты әнші боламын дейтін 7 сыныптағы оқушы қыз бала енді дәрігер боламын деп жүр дейді.
3) "Картоп пен сәбізді егіп не қажеті бар, дүкеннен сатып ала салмаймыз ба" дейтін ауылдағы ағайындар биыл жер жыртып картоп, қызылша, сәбіз өсіруге дайындалып отыр екен.
4) Елбасының сөзін мазаққа айналдырған кейбір жігіттер, енді қорасына асырауға 2-3 сиырдан сатып ала бастапты.
5) "Той жүргізіп үйретіңізші деп" қыр соңымнан қалмай жүретін бір бауырыма "кран немесе булдозер жүргізіп үйренгенің қайырлырақ болады" деп ақыл айттым.
6) "Өкіметке жұмыс істемеймін, одан да такси жүргізгенім артық" дейтін жігіттер тұрақты жалақысы бар жұмыс іздей бастаған көрінеді.
7) Әйелдері ас үйде күйеулеріне "қолыңды жууды ұмытпа" деп жиі өтінбейтін болыпты дейді.
8) Биыл адамдарды жәй тұмаудың өзі айналып өтіпті деседі.
9) Шаңырақ көтерген жастар куәлармен бірге барып некеге отырып, тойлар үйдің ішінде немесе аулада жақын ағайындарымен жиылып құда күтумен ғана аяқталып жатыр екен.
10) Жаназаға жиылған адамдар марқұмға топырақ салып, Құран бағыштап, зиярат басынан тарқасатын болыпты. Үйге ет жақындары ғана жиналып хатым түсіріп, дастархан жаяды екен.
11) Адамдар бет сүйісті доғарып, бір-бірне жылы қабақпен ғана ізет танытып амандаса бастапты.

Тағы қандай өзгерістер байқадыңыздар?

Ермек Құрманғалитегінің Фейсбук парақшасынан

Пікірлер