Серік Ахметов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

2796
Adyrna.kz Telegram

Серік Ахметов Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың орынбасары болып тағайындалды.

Ол 1961 жылы 21 наурызда Жезқазған қаласында  дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінде тарихшы мамандығын оқыған.

Серік Ахметов бұған дейін премьер-министр канцеляриясы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Әр жылдары Мәдениет және спорт министрлігінде, Nur Otan партиясында, Президент Әкімшлігінде қызмет еткен.

2011-2013 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер