Білім министрі: Білім бөлімдерінен ешқандай есеп керек емес

2808
Adyrna.kz Telegram

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім бөлімдерінен ешқандай есеп керек емес деді. 

"Білім бөлімдерінен, мектептер мен мұғалімдерден ешқандай есеп керек емес. Кейбір жерлерде ұстаздардан, енді бір жерлерде ата-аналардан есеп сұрап жатқанын естідік.

Тағы қайталап айтамын, ешқандай есеп керек емес. Мектеп басшылары мен әрбір мұғалім қандай жұмыс атқару керек екенін біледі. Тексеріс те жүргізілмеуі тиіс. Еліміз бойынша ұстаздардың қадірі қатты білініп жатыр деп ойлаймын", - деді бас ұстаз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер