Ақмола облысының әкімі тұрғындарына үндеу жасады

2736
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының әкімі облыс халқына үндеу жасады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. Ермек Мыржықпаев үндеуінде облыс халқын тыныштық сақтауға шақырды.

Құрметті ақмолалықтар!

Өздеріңіз білесіздер, кеше 7 сәуір күні облысымыздың аумағында күшті дауыл болды. Секундына отыз метрге дейін жететін қатты желдің әсерінен облыс орталығында және облыстың бірқатар аудандарында электрмен қамтамасыз ету үзілді. Тұрғын үйлердің, әлеуметтік объектілердің шатырлары зақымданды.

Шамамен 30 адам түрлі ауыртпалық дәрежесінде жарақат алды. Өкінішке орай, Бурабай ауданында бір адам қайтыс болды. Қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын.

Қазір барлық коммуналдық күштер мен ТЖ қызметтері өңірдегі табиғи стихия салдарын жоюға жұмылдырылды.

Құрметті жерлестер! Барлықтарыңызды тыныштық сақтауға шақырамын.

Залалдың шығыны есептелуде. Барлық объектілер қалпына келтірілетін болады. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі.

Орын алған жағдайда тыныштық сақтау қажет, үрейге берілуге болмайды және азаматтық жауапкершілік таныту керек. Осылайша біз бірлесіп барлық қиындықтарды өткере аламыз.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер