"Қазақты кезінде ғарыш кемесіне отырғыздық та көкке ұшырдық"

3798
Adyrna.kz Telegram

Кирилл Клейменов - жәй жазып бергенді судыртып оқып беретін қауғабас диктор емес, ол Ресейдің білдей бір басты телеарнасының басшысының орынбасары.
Путин билеген Ресейдің белді пропагандистерінің бірі.

Сол кеше бізді меңзей отырып айтатынын айтып тастады. Ресейдің миллиондаған көрермені тамашалайтын ауқымды және азулы арнадан айтты.

"Қазақты кезінде ғарыш кемесіне отырғыздық та көкке ұшырдық", деді, " сосын оған ғарыш кемесінде оның ешнәрсені шұқыламай тып тыныш отыруын тапсырдық. ("Бәрібір ештеңеге миың жетпейді құйрығыңды қысып көкке ұшып барып кел, сол атақ та жетеді сендерге" дегені).

Мені бұрын мынадай сұрақ мазалайтын:

Байқоңыр ғарыш айлағы қазақ жерінде. Одан 1961 жылдан бері ғарышқа пәлен мәрте қаншама ғарышкер ұшты.
Совет заманында одан ит те ұшты, доярка қатын да ұшты, орыс, украин, белорустан пәлен ғарышкерлер, тіпті айдаладағы грузин мен әзірбайжаннан да ғарышкерлер ұшыпты.

Сонда өз жерінде космодром орналасқан қазақтан неге ғарышкер ұшпаған?

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылдың қазан айында ғана ұшыпты.
Гагариннен кейін тура отыз жыл өткен соң.
Оның өзінде, осы 1991 жылдың қазаны дегеніміз Совет үкіметінің өлген кезі. Оны өлтіріп кеткен 1990 жылдары - ақ ол одақтан шығып кеткен Балтық жағалауының елдері болатын. Совет бұл кезде бір аяғымен көрде тұрған.
Әубәкіров сол кезде ғарышқа ұшты.
Оған шейін отыз жыл бойы Байқоңырдан бірде бір қазақ ұшпапты.

Осы жайт мені бұрын қатты ойлантып қоятын.
"Сонда неліктен қазақ ғарышқа ұшпаған, ол байғұс өз жеріндегі, қой қорасының төбесіне құлап жатқан гептил мен ракета капсуласын таңырқай тамашалап қана қой - ешкісін бағып жүре берген бе" деп қынжылатын едім.

Бұның жауабын орыстың шовинистері кеше осы Клейменовтың ауызымен берді. Рақмет саған шовинист Клейменов, шындығың үшін рақмет.

Олжас Әбіл

Пікірлер