Қазақстан Қытай елшісіне наразылық білдірді

3802
Adyrna.kz Telegram

Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан қытайлық сайтта жарияланған мақалаға наразылық білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызхметінің айтуынша, Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп,  Қазақстан жағы қытайлық www.sohu.com сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға қатысты наразылық білдірген.

"Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіні атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінің ҚХР Сыртқы істер министрлігіне нота жолдағанын да хабарлады.

Пікірлер