" Менің елім, менің тұңғыш Президентім "

2260
Adyrna.kz Telegram

Президент дегеніміз- өз елінің тәрбиелі тұтқасы.
Ж.Аймауытов

Халқымызда "Хан біреу болу керек,қалғандары тіреу болу керек" деген нақыл сөз бар.Бұл дегеніміз-жеке тұлға,ел көсемі дегенге сай келеді.Сондықтан да американдықтар Джордж Вашингтонды,орыс ұлты Бірінші Петрді,түріктер Ататүрікті пір тұтады.Оларды өздерінің шын мәніндегі мемлекеттігінің негізін қалаушы,ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстап,ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді.Сондай текті де, дара тұлға-Нұрсұлтан Назарбаев деп атар едім. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жетістігі-халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады.Сөйтіп оған үлкен міндет жүктеді,сенім артты.
Осыдан бірнеше ғасыр бұрын ғұлама Махмұт Қашқари: "Бұтағы көп ағашқа құс қонар" - деп айтқан. Қаншама ұлттың басын біріктірген, береке-бірлігін біріктірген, тыныштығын сақтап отырған Елбасына, бейбітшілікті сүйетін халқыма тәнті боламын.
Сонымен қатар Рухани жаңғыру бүгінгі қоғамда белең алып тұрған орынды үдеріс.
Адамзат қоғам дамыған сайын қоғаммен бірге ой өрісін санасын, рухани байлығын дамытады, байытады. Елбасы бастамасымен еліміз қоштап, жүргізіліп жатқан бұл саясат арқасында  қазіргі таңда қаншама игі іс- шаралар өткізіліп, жастар санасы асыл қорлармен байытылып рухымыз биіктеуде.
Рухани жаңғыру елдегі үлкен бетбұрыс деп ойлаймын өз басым...
Осы бастама  арқасында өткен тарихымызды танып білдік, болашаққа айқын бағдар жасай алдық,болмысымызды жаңарттық.
Тарих тұлғаларының есімі мен еңбектері ұрпақ санасынан елеулі орын алып, әліпбиіміз бір жүйеге енуде. Халқымыздың болашағы бұлыңғыр болмай, анық та айқын, өрелі де бай, ұрпақтары саналы да сауатты болып жетілуі үшін  рухани жаңғыруымыз керек.

Пердебай Жания
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің студенті.
Ғылыми жоба жетекшісі:Ф,Қозыбақова,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих және археология-этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Пікірлер