Рухани жаңғыру - болашаққа батыл қадам

3555
Adyrna.kz Telegram

“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”-жаңа тарихи кезеңге аяқ басу.

Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың дара жолы.
(Н.Ә. Назарбаев)
Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқандығын жариялаған болатын. Еліміз ерте тарихи кезеңінен бастап даму жолында келеді.
Рухани жаңғыруды өркениеттің алға басқандығынан байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, «Рухани жаңғыру» жақсы дәлел болады.
Елімізді дамыту, қазіргі таңда білімді ұрпақтың қолында. Жаңғыртылған білім саласымен сусындап , үш тұғырлы тілді үйреніп ,жаңа технологияларды меңгеруіміз қажет.
Осы жолда біздің алдымызға қойған мақсатымыз дамыған , алғашқы отыз елдің қатарына қосылып бәсекеге қабілетті ел атануымыз қажет. Бұл жайлы елбасымыз “Тәуелсіздік белестері”атты еңбегінде тереңінен түсіндіре кетеді
Қазақстан басшысы 30 дамыған елдің қатарына кіріп, "Төртінші өнеркәсіп революциясы дәуірінде" даму үшін алдыда тұрған "он міндет" туралы айтқан болатын. Алдымызға қойылған мақсаттарды орындап елімізді өркендету , келешек жас ұрпақ біздің міндетіміз. Болашаққа бағдар рухани жаңғыру жолында еліміз 6 бағдарды алға қойды. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сол үшін осы алты бағытты негізге алып ұлттық санамызды жаңғыртуымыз қажет.Қалыптасқан ұлттық санымызды жаңғыртуымыз қажет. Себебі күллі әлем көз алдымызда қарқынды дамып , өзгеріп жатыр. Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен бастау қажет екендігін көптеген ғалымдар дәлелдеген болатын. Ең алдымен өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделіп ,жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз қажет. Рухани жаңғыру жолында еліміз бәсекеге қабілетті , білімді, саналы , жақсы қабілеттерді бойына сіңірген азамат ретінде қалыптасу міндеттелген. Әр халық ел болып ғұмыр кешу үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі – туған жерге деген махаббат. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген оған қоса, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғырту аса маңызды.
Осы мақсатта еліміздің қазақстандық дамудың жаңа кезеңі - жан - жақты жаңғыртуды жетелдету бағдарламасын ұсынған болатын
“Қазақстан-2030” Стратегиясын орындау өзіміздің алдағы жылжуымыз үшін берік негізді қамтамасыз етті.
Міне ,осы үшін де елімізді жылдам түрде жан-жақты жаңғырту жолы таңдап алынды.

Бұл жол еліміздің бұдан былай дамудың бірден-бір дұрыс арнасына айналады деп ойлаймыз.

«Рухани жаңғыру» - біздің болашағымыз! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген қадамдар іске асырылуда. Елбасымның салған ұлы бастамасы елімнің көркеюіне, дамыған елдің қатарына қосылуға , биік шыңдарды бағындыруға жетелейді.

Г. Есбағамбетова

филология және әлем тілдері факультетінің студенті

Ф. Қозыбақова ғылыми жетекшісі,

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің “Тарих және этнология факультетінің Қазақстан тарих кафедрасының” профессоры 

 

Пікірлер