Қытай ДДСҰ-ны қаржыландырмақ

2781
Adyrna.kz Telegram

Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қосымша 30 миллион доллар бөледі. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Қомақты қаржы коронавируспен күреске және дамушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін қолдауға жұмсалады. Наурызда ғана қытайлар осы мекемеге 20 миллион доллар бөлген еді. Жалпы өткен аптада АҚШ президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді.

Дональд Трамптың айтуынша, мекеме коронавирустың өршуі кезінде жедел әрекет етпеген. Ақ үй басшысының бұл шешімі көптеген саясаткер мен БҰҰ тарапынан қатаң сынға ұшырады.

Себебі АҚШ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қорына ең көп қаржы құятын елдердің бірі.

Пікірлер