Алматы облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 80-нен асты

2322
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы облысында коронавирусты тағы 13 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы "Адырна" Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Індетке шалдыққандардың  9-ы Іле ауданының, 3-еуі – Қапшағай қаласының тұрғындары болса, 1-еуі Украина азаматы.

Ауру жұқтырғандардың  ең кішісі - 8 айлық сәби, ең үлкені - 1952 жылы туған азамат. Олармен 39 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, оларға вирусологиялық зерттеу жүргізілуде.

Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 86-ға жетті.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер