Марғұлан Сейсембай: Мұхтар ақша алғанын мойындады

4796
Adyrna.kz Telegram

Марғұлан Сейсембай Мұхтар Тайжанның ФБ-дағы сөзіне жауап берді. 

Достар, менің Тайжан туралы кешегі постым барлық жақтың да сезімдер толқынысын тудырды. Бұл дұрыс жайт. Батыста, біз армандайтын дамыған демократиялы елдерде саясаткерлерді жұртшылық алдында толықтай әшкере етеді, бұл оларда қалыпты жағдай. Сондықтан, ол үшін қысылудың қажеті жоқ. Сіз өз саясаткерлеріңіз туралы нақты, әрі толық мәліметті білуіңіз керек.
Сонымен, таң атқалы Тайжанның бір-екі эфирін қарап, постын оқыдым. Өтірік айтпағандығы туралы сөзі, пафосы, мәлімдемелері өте көп. Дегенмен, мен постымда жазып өткен дүниелердің көбісін мойындады. Мысалы, оның пияз бизнесіндегі шаруаларға, өзгеге емес, өз қолына табысталған, кейін күйіп кеткен менің 95 000$. Оның жауаптарында нақтылық аз немесе мүлдем жоқ. Ал шындық тура және қарапайым болуы тиіс. Менің қысқаша жауаптарым мен ескертпелерім келесідей.

Тікелей эфир және сөзталастырулар.
Мен саясаткер емеспін және бұл сайлау емес. Сөзталастыруларда ойға қонымды дәлел келтіретін адам аз. Ол жердегі мәселе - арандату мен құр айқаймен жеңу. Мұндай балаганға қатысуды қаламаймын. Ал сұрақтар болса, тым оңай:
1.1. Тайжан менен ақша алды ма, жоқ па? Ол алғанын мойындады. Соған да рақмет!
1.2. Мен келтірген көлемде алды ма? Ол алғанын мойындады. Соған да рақмет!
1.3. Бұл көмек болды ма?

Осы жерде ол басқаша ағылады.
Біресе, 2019 жылы іске аспай қалған Tazalike жобасына қатысты менің қолым қойылған қағаздарды көрсетеді (ал оған көмекті мен 2016-17 жж жасағам), біресе, менің компанияларыма жасаған бір «аңыз» кеңес беру қызметтері туралы айтады, біресе, маған салық салуды басқаруға көмектескенін айтады, біресе, тіпті, өз постында оған 2019 жылы берілген Nomad Explorer мүддесін Астанада таныстыру туралы хатты көрсетеді, бір жаңа іскерлік қарым-қатынастар мен оны алып барған өндіріс орындары туралы жазады. Қысқаша айтқанда, бәріміздің басымызды қатырып, тура жауап қайтармай отыр.

Қымбатты Мұхтар, сен нақтысын айт. Сен менен 237 100 АҚШ долларын не үшін алдың?

Есіңе сала кетейін, бізде екі жоба болған және екеуі де жүзеге аспады. Бірі - пиязға қатысты болса, екіншісі - Tazalike туалетизациялау жобасы. 2016-17 жылдары арамызда ешқандай да іскерлік қарым-қатынас болған жоқ.

Сондықтан, нақты келісімшартты, қағаз, ең құрығында, маған кеңес беру қызметін көрсетуіңді сұраған скриншотын көрсет. Орындалған жұмыс актін көрсет. Маған кез келген заңгер жасай алмайтындай қандай қызмет ұсынғаныңды нақты көрсет?
Өтірік айту мен бұрмалауыңды доғар. Бұл менің саған көрсеткен көмегім екенін мойындайтындай батылдық пен мәрттік таныт.

P.S. Жылқышыбай эфирінде айтқан өтірігіңнің бәрін мұнда әшкере етпедім. Құны 2000$ Nomad Explorer экспедицияның билетінің өзі неге тұрады! Және бұл бір джипқа билет құны 70 000 теңге болған кезде.
Жоғарыда келтірілген оңай сұрағыма жауап бер. Үшеуіне - мойындап, жауап бердің, енді соңғысына жауап бер, содан соң, мен бұл тақырыпты жабайын.

Пікірлер