Коронавируссыз Тәжікстанға ДДСҰ өкілдері тексеру жүргізбек

2271
Adyrna.kz Telegram

Биыл Тәжікстанда 5023 адам пневмониямен ауырған. Бұл - 2019 жылдың осы уақытындағы көрсеткіштен аз. Былтыр 5192 адам пневмониямен ауырған. Бұл туралы "Адырна" Cenral Asian-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі осындай статистикалық мәліметті жариялады. Елдегі адам құқығын қорғаушылар коронавирус пандемиясы кезінде елдегі жағдай туралы мәлімет беруін үкіметтен сұраған.

Шенеуніктердің айтуынша, елде туберкулезбен ауырғандар саны төмендеген: 2019 жылдың алғашқы тоқсанында 1218 науқас тіркелсе, биыл 1137 адам туберкулезге шалдыққан. Журналистер билік жариялаған ақпаратта аталған аурулардан қайтыс болғандар туралы мәлімет көрсетілмегеніне назар аударды.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, елже "пневмония белгілері байқалған науқастарды тексеру жүріп жатыр".

Адам құқықтарын қорғаушылар үкіметке пневмониядан елде қанша адам қайтыс болғаны туралы мәлімет сұратқан. Мысалы, Душанбеде прокуратура қызметкері пневмониядан көз жұмды. Бірақ билік прокурор шошқа тұмауымен ауырды дейді.

Соғды облысы Жаббар-Расулов ауданының ауруханасында кем дегенде жеті науқас пневмониядан қайтыс болды. Олардың барлығы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде емделген.

Тәжікстан билігі елде коронавирус жоқ деп мәлімдеумен келеді. Соған байланысты жақында республикаға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы миссиясы келіп, тәжік билігінің ресми мәліметін тексереді.

Cenral Asian

Пікірлер