Полиция оқ атты: Тергеу жүргізілуде

4483
Adyrna.kz Telegram

видеодан скриншот

Кеше әлеуметтік желіде Павлодар облысында болды деген оқиға қоғамдық резонанс тудырған болатын. Видеода арнайы жасақпен келген полиция өкілі делінген көк футболкадағы адам СОБРға дайындалуға бұйрық беріп, қасындағы формадағы полицияларға тұрғындардың қолына кісен салуды бұйырады, "он жылға соттатам" деп тепсініп, бір адамды көлікке қарай сүйрей бастайды. Халық наразылығын білдіріп шулай бастағанда автоматтан аспанға оқ атады. Осы оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті тергеуді бастады деп хабарлайды "Адырна"
Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Павлодар облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының 380-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу бастады.

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында және «Металлогамма» мен «NewHantamurNC» ЖШС қатысты келіп түскен «микросфера» күл-қоқыс шикізатын жаппай ұрлау туралы Полиция департаменті Ақсу өңірі Ақжол және Береке ауылдарына мобильдік пост қойылды.
Мобильдік пост қойылғалы аумақта мал ұрлығы 35%-ға азайғанын атап кеткен жөн.
Осы мобильдік пост елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта орналасқан және адамдардың еркін жүруіне еш кедергі келтірмейді.
Қалқаман ауылы жанында орналасқан мобильдік постқа ауыл тұрғындары тиісті құжаттарсыз «микросфера» күл-қоқыс шикізатын тасымалдау туралы мәселемен жүгінген. Олар оған қарсы жауап алды.
2020 жылғы 13 мамырда сағат 17.30-да мобильдік постқа Береке кентінің 30 шақты тұрғыны автомашинамен келіп, күш қолданамыз деп қорқытып, полиция қызметкерлерінің мүлкін зақымдап, олардың оқиға орнынан кетуін талап еткен.
Туындаған жанжалды жою, сондай-ақ одан әрі жалғасуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құралдарын қолданып, бос патронмен ескерту оғын ату арқылы тұрғындардың іс-әрекетін тоқтатты. Содан кейін ғана ауыл тұрғындары оқиға орнынан кетті.
Қызметкерлердің іс-әрекеті бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 – бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу кезінде осы полиция қызметкері атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Ролик авторы видеоның басында ауыл тұрғындары тарапынан шыққан қорқытуларды және соңында полиция қызметкерлері осы тұлғалардың заңсыз әрекетін түсіндіргені алынып тастағанын атьап кетекн жөн, ақырында туындаған жағдай туралы пікір қалдырады" делінген хабарламада.

фото stan.kz

Пікірлер