«Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» атты конференция өтеді

1895

Сізді 2020 жылдың 26-27 тамызында Қазақстанның Алматы қаласында өткізілетін «Ұлы
дала тарихы мен мәдениеті» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысуға
шақырамыз.
2018-2020 жж. Қазақстанның ғылыми-зерттеу Институттары мен Орталықтары ұлттық
тарихты тұтастай көруді сомдау, тарихи жадыны сақтау, сабақтастылық пен ұқсастылықты
қалыптастыру мақсатында «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» атты пәнаралық ғылыми
бағдарламаны іске асырды. Үш жылдық зерттеу нәтижелері бойынша, қорытынды конференция
аясында баяндалатын тарих пен мәдениеттің өзекті мәселелері бойынша жаңа теориялықметодологиялық тәсілдер мен тұжырымдар жасалды.
Конференция жұмысы төмендегі бағыттарда ұйымдастырылады:
 Ұлы даланың этногенезі және этникалық тарихы;
 қазақ мемлекеттілігінің тарихы;
 Қазақстан тарихындағы ұқсастылық пен жаңғыру.
Жаңа білімдер мен зерттеу жұмысы тәжірибесімен алмасу мақсатында, конференцияға
шетелдік және қазақстандық археолог ғалымдар, шығыстанушылар, генетиктер, антропологтар,
этнографтар, академиялық институттар, архивтер, музейлер мен жоғары оқу орындарының
өкілдері қатысады.
Конференцияның түйінді даталары:
2020 ж. 8 маусымы – халықаралық конференция бағдарламасын қалыптастыратын
баяндама тақырыптарын тапсыру мерзімі.
2020 ж. 1 шілдесі – конференция материалдарын басып шығаруға арналған баяндамаларды
тапсыру мерзімі (баспаға арналған баяндама көлемі – 5-8 бет).

Құрметпен,
конференцияны ұйымдастыру комитеті
ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
ҚР БҒМ ҒК Ә. Марғұлан атындағы Археология институты
Жалпы генетика және цитология институты жанындағы Популяциялық генетика зертханасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Геоархеология» Халықаралық ғылыми-зерттеу
зертханасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Дүниежүзілік тарихты зерттеу» Республикалық ғылымизерттеу орталығы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттейтін
Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Айтылған тарих» Ғылыми-зерттеу орталығы
М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ РМК жанындағы Республикалық Физикалық антропология зертханасы

Пікірлер