Біртанов: вакцинация туралы шындық мынау...

2700
Adyrna.kz Telegram

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов вакцинация туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Адырна"  Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. Ведомство басшысы пікірін Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Тағы да вакцинация туралы шындықты естулеріңізді сұраймын.

Адамды вакцинациялау - жеке профилактикалық медициналық қызмет, ол қолданыстағы Кодекс және жаңа Кодекс жобасы бойынша кез келген азаматқа тек оның немесе заңды өкілінің (баланың ата-анасының) келісімі бойынша жүргізіледі.

Кез келген адам (ата-ана) бас тартуға құқылы. Вакцинация мәжбүрлі емес", - деп жазды Біртанов.

Ол сондай-ақ вакцинация - "халықты инфекция індетінен қорғаудың жалғыз, ғылыми негізделген және дәлелденген әдісі" екенін атап өтті.

"Сондықтан бұл міндетті мемлекеттік денсаулық сақтау шарасы. Вакцинация міндеттелмесе, перзентхана мен емханалардағы дәрігерлерінің орындауы үшін де міндетті болмайды. Бізге бұл вакциналарды сатып алу міндетті емес болады. Жылына төрт миллионнан астам сәби кейін мемлекет есебінен полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызылша, гепатит, пневмония және басқа да инфекцияларға қарсы егілмейді", - деп түйіндеді министр.

Мұның алдында Елжан Біртанов Денсаулық сақтау туралы жобаның қабылданғанын айтып, балаларды вакцинациялау жайлы нормаға қатысты пікір білдірген болатын.

Министрдің айтуынша, елде вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды.

"Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды! Бүкіл әлемдегідей бізде де ерікті түрде жасатуға болатын және міндетті вакцинациялар болады. Бірақ әр жағдайда ата-ана өзі шешеді, одан келісім алынады не болмаса бас тартатынын айтады! Вакцинация жасалмаған балалардың құқығына шектеу қоятын ешқандай норма жоқ! Тек бір норма бар, ол ұжымдық иммунитет, яғни балабақшаға баратын барлық баланың денсаулығын қорғайтын иммунитет", - деді министр.

Пікірлер