Атырауда маса улау жұмыстары қалай жүргізілуде? ⠀

3221
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі уақытта облыс орталығын дәрілеу  жұмыстары  екі ауысымда үздіксіз атқарылуда,  деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласының климаттық жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, зиянкестерге қарсы күрес  биыл сәуір айының басында басталған еді. Cодан бері  дезинсекциялық жұмыстар ашық су айдындарында жүргізілді.

-  Жалпы қаладағы дезинсекциялық жұмыстарға алты бригада жұмылдырылған. Олардың екеуі таңғы сағат тоғыздан кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істейді.
Белгіленген бригадалар көп қабатты үйлердің жертөле кіреберістерінде зиянкестермен күреседі. Қалған төрт бригада кешкі сегізден түнгі сағат екіге  дейін қала көшелерінде, ашық су қоймаларында, саябақтарда, мәдениет және демалыс орындарында, сондай - ақ қала маңындағы ауылдық округтерде тазалау жұмыстарын жүргізеді ,- деп атап өтті этномолог маман Айнагүл Дәулетьярова.

Бүгінге дейін 1188 көпқабатты тұрғын үйдің жер төлелері мен кіре берістеріне дәрілеу жұмыстары жүргізілген. Мұндағы ПИК қызмет етпейтін үйлерге   дезинсекция  жұмыстары сенбі-жексенбі күндері жүргізіледі. Ал, ПИК қызмет ететін тұрғын үйлерге улау жұмыстары айына бір рет жасалады. Сонымен қатар, мамандар әлеуметтік желілерде арнайы чаттар ашқан. Осындай топтардың көмегімен тұрғындарды  жұмыс барысын тексеруге шақырады.

- Біздің жұмысымызды қалалық әкімдік пен ТҚШ-дан бөлек, тұрғындар да бақылауда ұстайды. Егер, тұрғындар тарапынан улау жұмыстарына қандай да бір көңіл толмаушылық болатын болса, Telegram-чатқа жазуына,  жұмыс барысын тексеруіне мүмкіндігі бар, - дейді Айнагүл Даулетьярова.

Атырау облысы

Пікірлер