Кеше Алматы облысы әкімі Амандық Баталов Ұйғыр ауданының орталығында жиналыс өткізді. Оған ауданның ақсақалдары, жастары мен түрлі қоғам өкілдері қатысты. Онда ауданның қазіргі хал-ахуалы сөз болды.
"Жетісу" газетінің You Tube каналында облыс басшысы Амандық Баталовтың ауданның атын өзгертуге білек сыбана кірісетіні айтылды.
https://www.youtube.com/watch?v=v7nlfWJnmbk&feature=emb_logo
Ал әлеуметтік желіде осы жиында сөз сөйлеген Ақжол есімді азаматтың облыс әкімінен ауданның атын өзгертуге бағытталған өтініші таралып кетті.
https://www.youtube.com/watch?v=uidGw3ZovoM&feature=youtu.be

"Адырна" ұлттық порталы