Алматы облысының әкімі Амандық Баталов шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

10487
Adyrna.kz Telegram

Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр. Себебі әкімде ентігу мен жүрек жеткіліксіздігі пайда болды, - деп хабарлайды "Адырна" Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды (22 маусым-автор). Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады", - деді Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.

"Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылыпп, жұмысқа кіріседі", - деді Байжұманов.

Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер