Жұлдыздар не дейді?

3203
Adyrna.kz Telegram

Зодиак (шоқжұлдыз) белгілеріне сәйкес адамдардың әдеттері мен мінездері туралы қаншама айтылды және жазылды!

Біздің де болжамды оқи отырыңыз ...

Тоқты

Тоқты өзімшіл емес - олар өздері үшін қалай өмір сүру керектігін біледі. Менменшіл емес - олар бәріне бірдей күлу керек деп санамайды. Өткір емес – орынды сөзді таба біледі. Қызғаншақ емес – тек өзі жалғыз болуға еті үйреніп кеткен.

Жұлдызшылар Торпақтар  мен Тауешкіні және Сарышаянды ең қыңыр адамдар деп есептейді. Жақсы делік. Ал  сіз тоқты шоқжұлдыздылармен дауласуға тырысып көрдіңіз бе?

Тоқты шоқжұлдызды әйел адам - ер адамға арналған кітап. Егер сіз түсінбесеңіз, онда ол сізге жазылмаған!

Тоқтыларды күлмесе құшақтау керек, ақымақ болған кезде бетінен сүйіп, күйгелек кезінде тамақ беру керек.

Тоқтылар адамдарға деген шексіз сенімі мен тым адалдығынан әлі де болса қатты жапа шеккен жоқ.

Кейде көптеген адамдар апта бойы, бүкіл ай бойы,  және жыл бойы,тіпті өмір бойы бақытты өмірлерін күтеді. Ал Тоқтылар күн сайын рахаттанып, әр сәтте рахаттану керек деп санайды.

Тоқтылар сенімі нерв жасушалары сияқты: ол іс жүзінде қалпына келтірілмейді.

Тоқтының  жаман екенін айтпас бұрын, оның сізге неге жағымсыз болғаны туралы ойлаңыз ...

Ешқашан тоқтыларды алдамаңыз, қаншалықты ащы болса да, оған әрқашан шындықты айтыңыз. Тоқты өтірікті сирек кешіреді ...

Тоқтылар ешқашан сыртқы келбетінен бастап, мінезіне дейін мінсіз болған емес. Бірақ олар әрқашан өздерімен- өздері болады.Торпақ

Торпаққа арналған жұмақ –  ұйқыдан еріксіз оянбау, дүйсенбі және бастықтардың жоқ болуы.

Ер адамдар әйелдерге ақшасы көп жігіттер керек деп санайды .Бірақ Торпақтың 90% -ы Маша туралы мультфильмнен аюды таңдайды.

Торпақтарда осымен бірге тұру мүмкін емес және осы әйелсіз өмір сүру мүмкін емес деген әйелдерді тұрлері бар.

Егіздер

Егіздер оларға жақсы қарайтындардың бәрін жақсы көреді. Егіздер сізбен жиі сөйлеспесе де, олар сізді бағаламайды деп ойламаңыз.

Егіздер - бұл әркімнің талғамына сай келе беретін адамдар емес. Оларды оңай шағылатын жаңғақ құрлы көруге болмайды!

Егіздер ұраны: тиым салынған болса да , бірақ қаласаңыз, онда міндетті түрде істеуге тырысуыңыз керек!

Егіздердің не қалайтынын білесің бе? Олар жаздың самал желіндей өмірінде өзгеріс болғанын және өміріне қажет емес  артық жандардың өзінен кеткенін  қалайды.

Егер егіздер біреуді бақытты етуді шешсе, онда ол айтқанын орындамай қоймайды!

Шаяндар

Шаяндар осы өмірде ештеңеге қол жеткізбеген адамның аузынан шыққан сынға құлақ аспайды.

Егер сізге тағы не қажет екендігі сұралса: шаян шоқжұлдызды жанды ма немесе миллион евро десе; жауап беріңіз: шаян шоқжұлдызды жан деп. Себебі сізге бәрібір ақша берілмейді, бірақ, шаян шоқжұлдызды жанмен өте жайлы өмір сүресіз..

Арыстан

Құшақтасу - бұл, мүмкін, арыстандарға  деген сүйіспеншіліктің бір түрі, өйткені сіз онымен өзіңізді қауіпсіз және жақын адам сезінесіз. Барлық қайғы-қасірет жойылған сияқты, және бұл әлемдегі ең керемет сезімдердің бірі.

Көптеген әйелдерді «ер адамды қалай ұстау керек?» деген сұрақ мазалайды. Бірақ арыстан шоқжұлдызды әйелдер біледі: егер сіз шынымен бақытты болғыңыз келсе, ер адамды өзіне байлап ұстауға болмайтынын.

Бикеш

Бикеш - бұл салмақ пен бойдың арақатынасы емес, бұл ақыл, талғам және өзіне деген сенімділік қатынасы.

Бикеш күшті әйел болудан тез шаршайды, «түсінуден», «жағдайға түсінікпен қарауға», «кешірімшілдіктен» шаршайды.

Бикештер кейде барлығын шын жүректен қабылдағаны үшін өздерін жек көреді.

Бикеш бірдеңе сұраса, шын жауап берген дұрыс, өйткені оның жауабын ол бұрыннан білуі әбден мүмкін.

Таразы

Таразылықтардың барлығы екі өмірге ие: біреуін айналасындағылардың бәрі көреді, ал екіншісін жалғыз өздері біледі.

Таразылар «ОЙЛАМАҢЫЗ» деп кей кездері өмірден ләззат алғысы келеді ... Таразылардың айтқандары және олар жиі сезінетіндері әр түрлі нәрсе.

Таразылар өзінің проблемаларын жасыруды емес, шешім таңдап, табылған шешімді дереу істеуді үйренуі керек.

Таразыға шынайы және әдемі сезімдер керек .Олар романтиктер: олар үшін бәрі әдемі ...

Сарышаян

Сарышаяндар - бұл тез арада тыныштық пен жоғары энергия арасындағы тепе-теңдікті таба білетін  адамдар.

Сарышаяндар проблемаларының шамамен 98% -ы егер олар тынышталып, осы проблемалар туралы тым терең ойлануды тоқтатса, шешілетін еді.

Сарышаяндар мінезінің мықты болуына тек  құлағанда сүйеу болған адамдарға ғана емес, кедергі келтіргендерге де рахмет айту керек.

Әр сарышаянда екі адамның мінезі тұрады: біреуі тыныш және үнсіз, екіншісі бірінші ренжіткен кезде пайда болады ... Ал бұл кез  ренжіткендер үшін өте жағымсыз жағдай.

Сарышаяндар көңілі қалғандарды байқамағандай кейіпте болуы мүмкін, бірақ бұл оларды ұмытқанды білдірмейді: Сарышаяндар өкпе –ренішін ұмытпай ұзақ уақыт есінде ұстайды.

Мергендер

Мергендердің 99% -ы өмір сүруінің негізгі мәні – сапарлап жүру үшін дүниеге келген.

Кейде достық жай аяқталады. Сатқындықсыз, жанжалсыз және себепсіз - сіз жай басқаша адам боласыз және әркім өз жолымен жүреді. Жылдар өте келе достардың шеңбері тарылуда. Бірақ мергендер үшін жанында қалған адамдар енді жай достар емес, туыстардай болады.

Тауешкі

Тауешкілер бәрінің өз уақыты бар екенін біледі. Кейбір ешкім бағытын өзгерте алмайтын оқиғалар бар; Тағдырдың арқасында ерте ме, кеш пе өмірден өз орындарын табатыны да бар.

Нағыз тауешкілер өздерін ұнатпайтын адамдарға ешқашан күлмейді. Бірақ олар барлығына сыпайы қарайды , себебі олардың білімі дөрекілікке жол бермейді.

Суқұйғыш

Кейде адамдар суқұйғыштарға басқарушы қатынастағы адамдар ретіндеміз  деп ойлайды. Бұл олай емес.

Бәрінен бұрын,адамдардың  суқұйғышқа ренжитіні - суқұйғыштардың олардың үмітін ақтамауына  байланысты.

Егер суқұйғыш бала сияқты болса, онда ол бақытты.

Балықтар

Балықтар керемет есте сақтау қабілетіне ие және олар өздеріне деген жақсы қатынасты ешқашан ұмытпайды. Жамандықты кешіруге және ұмытуға болады. Жақсы нәрсе бір жылдан соң да жанды жылытады. Балықтар ешқашан қиын уақытта бірге болған адамды ұмытпайды.

Материал  devchon.ru  сайтынан аударылды.

 

Дайындаған:Нағима Базарқызы,

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Пікірлер