Қазақстандық каратешілер алғашқы үштікте

1638
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада  Украинаның Одесса қаласында World Goju-ryu Karate Federation (WGKF) ұйымдастыруымен Годзю-рю Каратеден Әлем Кубогы өтті.

Бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен 18 мемлекеттің мыңға жуық спортшысы келсе, Қазақстаннан әр түрлі жас пен әр түрлі салмақ дәрежесінен 22 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысыда қазақстандық каратешілер жалпыкомандалық есепте 14 алтын, 17 күміс, 15 қола медальмен 3 орын алды.

Біздің алдымыздағы Украина мен Әзірбайжанның 120 мен 90 спортшыдан қатыстырғанын ескерсек, жаман көрсеткіш емес.

Жекелеген спортшыларға тоқталсақ, балалар арасында Рысбай Миғражаддин, Рысбай Дінмұхамедтер жастар арасында Мирас Қалжан, Бақдәулет Әбекенов, Нұрлат Садықтар алтын медальге ие болса, ересектер арасында Нұраддин Садық, Бақтияр Несіпбек, Аманжол Есенжол, Нұрасыл Дізімовтер бірінші орынды иеленіп, Әлем Кубогының иегерлері атанды.

Федерация басшылығының айтуынша, спортшылар жоспарлаған нәтижені артығымен орындаған. Алда, келер жылы Жапонияның Окинава қаласында IMGKA версиясы бойынша өтетін Әлем чемпионатына дайындықтар күтіп тұр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер