Лукашенко: Жарты жыл ішінде бәрі жабылады

2910
Adyrna.kz Telegram

Беларусь елінде Лукашенкоға қарсылық митингісі әлі де жалғасуда. Бүгін Минскі зауытының жұмысшыларының алдына шыққан президент қайтадан сайлау өтпейтінін мәлімдеді.

МЗКТ жұмысшыларының "Кет!" деп айқайлаған сөзіне, " Осыдан соң "қысыммен бір нәрсе жасайды деп ойламаңыздар, мен ешқашан ондайға бармаймын. Өлсем де, сайлау болмайды. Себебі, МЗКТ да, МАЗ да, БЕЛАЗ (трактор зауыттары - ред.) да қалмайды, жарты жыл ішінде бәрі жабылады" деді Лукашенко.

Президент өз өкілеттігін азайтуға дайын екенін де айтты. Бірақ ол көшеде емес,  конституция арқылы жүзеге асу керек деп есептейді.

Ал Лукашенконың сайлаудағы басты қарсыласы болған Светлана Тихоновская шеруге шыққан халықына үндеу жасап, бұрынғыдай бейбіт өмірді орнату жолында, әлемдік қауымдастық мойындайтын әділ сайлау өткізу жолында Ұлт көшбасшысы болуға дайын екендігін мәлімдеді. Ол қандай жағдайда да тәуелсіздіктен айрылмауымыз керек дейді.

Беларусь халқының алғашқы күндердегі ереуілінінен жүздеген адам жараланып, түрмелерге қамалған. Өкінішке қарай  кісі өлімі де болған. Билік ереуілшілерді нашақорлар мен қаңғыбастар деп айыптаған. Жағдайдың ушығып бара жатқанын сезген күштік құрылым өкілдері қазір халыққа қарсы шығып жатқан жоқ. Өз кезегінде халық та ереуілге аса мәдениеттілікпен шығуда.

Биліктің хабарлауынша, кеше Лукашенконы қолдап 70 (кебір деректерде 30 мың - авт.) мың адам акцияға шықты. Ал оған қарсылар - 300 мыңға дейін жеткен.

Ел болған соң дау-дамай болмай тұрмайды. Бірақ, бізді Александр Лукашенконың әлгіндегі "жарты жыл ішінде зауыттардың бәрі жабылады" деген сөзі қатты ойландырады. Сонда президент зауыттарын халықпен ерегісіп жаппақ па? Әлде...

Жанболат Сарықасқа,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер