Ауыл мұғалімдері жаңа жүйемен жалақы алады

2978
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні шағын жинақталған немесе шалғайдағы мектептеріміздің білім беру сапасы төмен. Соның ең басты проблемасының бірі - бұл, әрине, ұстаздардың, мамандардың жетіспеушілігі. Мысалы, көп мектепте бір мұғалім 4-5 пәннен береді. Сондықтан сапа мәселесі өте маңызды болып тұратындығы белгілі. Бұл проблеманы шешу үшін ауылдық мектептерді қаржыландыру, ауылдық мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы төлеу жүйесін жаңарту бойынша жұмыс жүргізу қажет», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.

Оның атап өтуінше, министрлік бұл түйткілді шешу үшін нақты жұмыстарды қолға алған. «Қазір ауылдық мектептерде жұмыс істейтін ұстаздарға жалақы төлеу жүйесін жаңарту бойынша жұмысты бастап жатырмыз. Биылғы оқу жылында осы жұмысты аяқтаймыз деп санаймын», - деді Асхат Аймағамбетов.

фото ашық дереккөзден алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер