41,4 триллион теңге қайда жұмсалады?

4501
Adyrna.kz Telegram

2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет шығынына арналған  ақша – 41,4 триллион теңге.  «Адырна» тілшісі LS порталына сілтеме жасап, мемлекеттік органдарға қанша қаржы бөлінетінін хабарлайды.

 

Экономика саласына арналған үш жылдық бюджет шығыны

Қаржы министрлігі –  11 трлн теңге;

Индустрия және инфрақұрылымдық даму минситрлігі  –   1,7 трлн теңге;

Ауыл шаруашылығы министрлігі –  541,5 млрд теңге;

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министлігі  –   385,7 млрд тенге;

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 249,7 млрд теңге;

Энергетика министрлігі  –  108,1 млрд теңге;

Сауда және интеграция министрлігі –  73,3 млрд теңге ақша алуды жоспарлап отыр.

 

Әлеуметтік салаға арналған үш жылдық бюджет шығыны

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне – 12,6 трлн теңге;

Білім және ғылым министрлігіне –  5,1 трлн теңге;

Денсаулық сақтау министрлігіне  –  5,1 трлн теңге;

Мәдениет және спорт министрлігіне – 333,8 млрд теңге;

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне – 152,8 млрд теңге беріледі.

 

Құқық қорғау органдарының  үш жылдық бюджет шығыны

 

Ішкі істер министрлігіне –  1 трлн теңге;

Жоғарғы сотқа –  151,9 млрд теңге;

Әділет министрлігіне – 112,3 млрд теңге;

Бас прокуратураға – 96,5 млрд теңге беріледі.

 

Қауіпсіздік саласы органдарының  үш жылдық бюджет шығыны

 

Қорғаныс министрлігі – 880,5 млрд теңге;

Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 829 млрд теңге алады.

 

Өзге салалардың үш жылдық бюджет шығыны

 

Тұңғыш Президент – Елбасы кеңсесіне – 6,1 млрд теңге;

Сыртқы істер министрлігіне – 239 млрд теңге;

Президент әкімшілігіне – 25 млрд теңге;

Премьер-министр кеңсесіне – 10,9 млрд;

Мемлекеттік қызмет істер агенттігіне  –  14,3 млрд теңге бөлуді жоспарлауда.

 

 Жанболат Сарқасқа,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер