Зейнетақы қорындағы ақшамыз азаюда ма, көбеюде ме?

2580
Adyrna.kz Telegram

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 12,1 триллион теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 1 тамызына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинағы жиналды. Бір жылда зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 триллион теңгеге пара-пар немесе 19% өсті»,– делінген хабарламада.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,8 трлн теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 287,8 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары 2,1 млрд теңгені құрайды. 2020 жылдың басынан бастап 1 тамыздағы жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 752,98 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 389,77 млрд теңгеге артық.

Пікірлер