Бір топ қазақ пен Саакашвили Киевтегі кездесуде не талқылады?

2056
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада қазақтың бір топ азаматы Киевте Саакашвилимен кездескені мәлім. Грузияның бұрынғы президентімен біздің азаматтар не үшін кездесті? Бұл сұраққа 31 арна тілшісі жауап іздеп көріпті деп жазады Stan.kz.

Түрлі-түсті революциядан соң 36 жасында Грузияның президенті болып, Грузияның әбден іріп-шіріген саяси жүйесін жемқорлықтан арылтқан реформатордың бұл жиында айтқан сөзін әр азамат өзінше талқыға салып жатты. Саакашвили бұндай кездесуді ұйымдастырғаны үшін Марғұлан Сейсенбайға алғыс та білдіріпті.

Арман Шораев, Қуаныш Шоңбай, Олжас Құдайбергенов, Тоғжан Қожағалиева сияқты қоғамдық істерге араласып жүрген түрлі саладағы қызмет атқаратын бір топ азаматты Михайл Саакашвили тура үйіне шақырыпты. Саясаткердің он жүздік аумақты ғана алып жатқанжәне 75 шарыметрден аспайтын үйінің алдында барлығы 20 шақты қазақ азаматы жиналған.

Қазіргі таңда Украинаның ұлттық реформа кеңесінң төрағасы болып істейтін Михайл Саакашвили өзінің Facebook парақшасында өзінің Грузия мен Украинадағы жүргізген реформалар төңірегінде тәжірибесімен бөліскенін жазады. Ал Тоғжан Қожағалиеваның сөзінше бейресми өткен 4 сағатқа созылған кездесуде Саакашвили Қазақстанда қалай реформа жасау керектігі туралы ойларын айтып кеңес берген. Кездесу соңында Алматыдағы университеттердің бірінде Саакшвили орталығын ашу туралы келісім жасасқан. Осы үшін Саакшвили Қазақстанға келу мүмкін.

"Ең бірінші шарасы - мемлекеттің әр түрлі салаларда регуляциядан кету. Егер одан кетсе жемқорлық азаяды. қандайда бір құжаттарға қол қою азайса, онда жемқорлық та азаяды деген тұжырымды айтты ", - дейді Тоғжан Қожағалиева.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер