ДДҰ: Коронавирустан 2 миллион адам қайтыс болуы мүмкін

8968
Adyrna.kz Telegram

Әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны 2 миллионға жетуі мүмкін. Бұл туралы ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Тоғыз айдың ішінде коронавирустық инфекциядан миллион адам қайтыс болды. Егер вирусқа қарсы вакцинаны ойлап табу үшін тағы да тоғыз ай кететін болса, осы уақыт ішінде миллион адам қайтыс болуы мүмкін», - деп болжады ДДҰ өкілі.

Бұған дейін ДДҰ тұмауға қарсы күрес адамдарды COVID-19-дан құтқармайтынын, алайда пандемиямен күресуге көмектесетінін мәлімдеген болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер