«Ердоғанның көксегені – Осман империясын жаңғырту» ,-дейді Жириновский

11790
Adyrna.kz Telegram

Ресей саясаткері Владимир Жириновский таулы Қарабахтағы жағдайға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Вестник Инфо агенттігіне сілтеме жасап. Сөздері шашыраңқы шықса да, шаршаған саясаткердің айтқанынан біраз нәрсені аңғаруға болады.

Таулы Қарабахтағы жағдайды коронавируске теңеген ресейлік саясаткер Әзербайжан мен Армения арасындағы бұл соғыс үлкен соғысқа жол ашуы мүмкін дейді. «Шиеленісті бейбіт жолмен шешу мүмкін емес. Әзербайжандар парсы тайпасының өкілдері. Этникалық жағынан ирандар мен әзербайжандар бір біріне өте жақын ұлт. Түріктер Шығыс Азиядан келіп оларды түркілендірді. Яғни, бірнеше ғасыр бойына әзербайжандарға түрік тілін үйретіп, түрікке айналдырды. Міне, сондықтан оларда өзара ұқсастық пайда болды. Десек те, әзербайжанның  тілдері түрік тілі емес. орыс пен беларус сияқты бір бірін жақсы түсінеді. Армяндар мұсылмандар қоныстанған аймақта қалып кеткен христиан әлемінің Брест қамалындай бөлшегі.

Таулы Қарабахтағы жағдай Түркияның араласуымен шиеленісті. Түркия президенті Ердоған айналасындағы сүнниттерді бір тудың астына біріктірмек мақсатында Сирия, Ливия мәселелеріне де араласты. Ердоғанның көксегені баяғы Осман империясын жартылай болса да жаңғырту. Сирияның бір бөлігін, Армениядан да бір бөлік аймақты, Түркіменстаннан т.с.с  алып қалғысы келеді. бұл ғасырларға созылатын мәселе. Бұл мәселеге Ресей араласпай, шешімі табылмайды. Ол үшін Ресейге орасан зор күшке айналуы керек, Ресей қуатты елге айналуы керек. Ресей араласып қана әркімнің өз орнын қай жерде екенін көрсете алады. Ең бірінші, күрдтерге тәуелсіздік әперіп, Күрдістан мемлекетін құруына ықпал етеді. Түркияның  бір бөлігі болып табылатын күрдтердің саны 20 миллионнан асады қазір. Арменияға Батыс Арменияға қайтуына жәрдем береді. Бұл да Түркияның бір аймағы. Ешкім бір бірімен соғыспауы үшін осылай жасау керек», -деген Жириновский Ердоғанның айылын жинатудың тетіктерін көрсетіп бақты.

«Ресейдің құрамына бәрін қайта қосу керек! Баку губерниясы, Ереван губерниясы және Степанакерт ауданын Краснодар аймағына қосу қажет. Олай етпесе үздіксіз соғыс жалғасып, оның соңы қайғылы аяқталады. Қазір шайқасты тоқтатса, бір жылдан кейін қайта соғысады. Бұл жауластық бірнеше ғасырға жалғасып келе жатыр.Тағы бір шешім ретінде Патшалық Ресейдің әдісін айтсақ болады. Ресей империясы жауласушы екі тарапқа да қару берген, сөйтіп қарсыластар өз тағдырларын ұрыс алаңында шешкен»,- дейді ресейлік саясаткер.

Рауана ДИМАШҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер