Абайдың қара сөздері театр сахнасында қойылды (видео)

690

Қазақ өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Қара» қойылымының премьерасы өтті. 

Абайдың «Қара сөздері» негізінде жазылған спектакльде жалғыз кейіпкер бар. Ол – Абай. Күлтөбенің басында күнде жиын дегендей, режиссер Абайдың сан түрлі кемел ойларын Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған 35 актердің диалогы арқылы жеткізеді. Абай елінде тұратын халықтың өзінше бір мінезі бар десек, көрермен қауымды сахна шеберлері сол мінезімен қауыштырды.

Режисер Жұлдызбек Жұманбайдың айтуынша, спектакльдің «Қара» деп аталуының өзіндік себебі бар. «Ел ішінде әулие ағашы аталып, қадір тұтатын ағаштар жетерлік. Ағашты сивол қылып алдым. Абай да сондай құшағымыз жетпейтін діңгегіміз. Бір жағы хакімнің «Қара сөзінен» құрастырылған" дейді.

Гүлвира Асқар 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы