МҰХТАР ТАЙЖАН: Бір ортақ мақсатқа жете алмай отырмыз

3035
Adyrna.kz Telegram

Орыстілді демократтар оп-оңай бірігіп, митинг өткізіп жатыр. Ал қазақтілді ұлтшылдар бір жерде жиналса, бір-бірімен төбелесіп қалуы әбден мүмкін.  Билікке тіпті провокация жасау да қажет емес. Солай ғой?

Ұлтшылдардың ұжымының ішінде бір-біріне деген жақтармаушылық енді ғажап. Мынау сатқын, анау агент, мынау бұндай, анау анандай. Нәтижесінде бірде-бір ортақ мақсатқа жете алмай отырмыз. Бұл түрімізбен жерден де айырылып қалуымыз қиын емес.

Менің ұсынысым – ұлтшылмын деп жүргендерді уақытша болса да екі нақты ортақ мақсатқа біріктіру. Одан кейін қайта бір-бірімізді жақтармай жүрсек те болады.

1. Жер мәселесін аяғына дейін жеткізіп, жаңа Жер кодексін қабылдатуымыз қажет.

2. Марғұлан Боранбайды бәріміз бір жұдырықтай жұмылып қорғап шығуымыз қажет. Бұл жігіт отырып кетсе бәрімізге сын болады.

Жиналыс өткізіп, бір-біріміздің көзімізге қарап, бұл екі нақты мәселеге келісіп алуымыз керек! Қалай ойлайсыздар?

Пікірлер