Байден билікке келсе, Украинада мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін

2876
Adyrna.kz Telegram

Жоғары Раданың бұрынғы депутаты, Майдан алаңында Петр Порошенконың жақтасы болған, бірнеше рет елде министр лауазымын атқарған Давид Жвания егер Байден президент болса, Петр Порошенконың жақтастары қайтадан күш алуы ықтимал екендігін айтты.

–Жасырып қайтеміз, қазіргі уақытта Украинада астыртын жағдайда мемлекеттік төңкеріс болайын деп жатыр. Бұрынғы президент, яғни Петр Порошенконың жақтастары төңкеріс мәселесіне жаз айынан бері дайындалуда.Тек уақытты күтіп отыр. Бұл бұрын бос әңгіме ретінде көрінетін. Жергілікті сайлаудың кейін бұл болжам айқындала түсті. Қазірдің өзінде іске асатын нақты жоспар әзірленіп қойды. Бұл әңгімені бекер айтып отырған жоқпын. Мен бұрынғы жақтастарыммен әлі күнге дейін тығыз байланыстамын. Жақында экс- президент Петр Порошенко мен оның  жақтастарынан осы ақпаратты алдым, –деді бұрынғы Төтенше жағдай министрі, Украина Жоғары Радасының бірнеше шақырылымының депутаты болған Давид Жвания.

Ал бұл ақпарат қаншалықты шындыққа сәйкес, ол әлі белгісіз. Бірақ Давид Жванияның айтуынша, Петр Порошенконың жақтастары алдағы уақытта Киевтің мэрі Виталий Кличконың кандидатурасын президенттікке ұсынбақ ниетте екен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер