Ермек ТҰРСЫНОВ: Салт-дәстүрдің мазмұнында не жатыр? (Видео)

4410
Adyrna.kz Telegram

Кинорежиссер, жазушы, сценарист Ермек ТҰРСЫНОВТЫҢ осы жылы қазақтың салт-дәстүрлерінің мәнін ашатын, тамырын танытып, мәдени ерекшеліктерін айқындайтын қазақ және орыс тілінде «Қарашаңырақ» атты кітабы жарық көрген болатын. Автордың өзі бұл туындысы туралы «Qazaqstan» ұлттық арнасында Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫНА берген сұхбатында айтып берді.

Жазушы Ермек Тұрсынов кітапты жазуға белгілі ғалым, тіл маманы Телқожа ЖАНҰЗАҚОВТЫҢ түрткі болғанын айтады: «Адам дүниеге келгенде, тәрбиесі, дүниеге көзқарасы осы шаңырақтан басталады. Менің анамның інісі, нағашы көкем бар, Телқожа Жанұзақов деген. Үлкен ғұлама. Мені шақырып алып:  «Осы сен жазып жүресің ғой. Соңғы кездері байқаймын, қазақылыққа бұрылып келе жатырмыз. Сен осы кітапты бастап жазсаңшы. Негізі бұның бас мазмұны, бас тақырыбы – қазақтың көне заманнан келе жатқан дәстүрі, ырымдары. Біз оның бер жағын ғана білеміз де, оның ар жағында не жатыр, мағынасы, астары қандай, неге біз оны өмірімізде сақтап келе жатырмыз? Неге ол сақталып қалды? Сен осыны зерттеп көр», - деген.  Өзінің қасында жүрген достары бар, солармен таныстырып, олар менің кеңесшілерім болды. Осы кітаптың жазылуына көмектесті. Салт-дәстүрдің мазмұнында не жатыр? Оның негізі қандай? Тереңдігі туралы тек қана орыстанып кеткен қазақтар ғана емес, тіпті, кейбір қазақтардың өздері біле бермейді екен. Сонымен мен таңқалып екі жылдай жазып жүрдім. Осы жақында бітірген соң Досым Сәтпаев екеуміз бірігіп шығардық. Әр отбасыға осы кітап керек шығар деп енді өзім үміттеніп жүрмін», - деп кітаптың маңызына тоқталады.

Індетке байланысты кітаптың тұсаукесері өтпегенмен, оқырман қауымның қолына тиіп үлгерді.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер