Қытай тілін қосымша тіл ретінде оқытпақ

2690
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қосымша шет тілі ретінде қытай тілі оқытыла бастауы мүмкін. Дәл осы мәселе Қытайдың Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Цзян Янь мен Өзбекстанның мектепке дейінгі білім министрі Агриппин Шин өткізген онлайн-кездесуде талқыланған. Бұл ақпаратты Өзбекстанның мектепке дейінгі білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 8 қараша күнгі онлайн-кездесу кезінде тараптар қытай тілі мамандарының біліктігін жақсарту мәселесіне де тоқталған. Екі жақ сонымен бірге Ташкенттегі цифрлық балабақша ашу пилоттық жобасының барысын да сөз еткен. Дидактикалық материалдар мен түрлі ойын жабдықтарын шығару үшін инвестиция тарту қажеттігі айтылған.

Кездесуге қатысушылар балабақшаларда білім сапасын арттыру үшін Қытайдың Сун Цинлин атындағы қормен әріптестік орнату жайын да ортаға салған.

Орталық Азия (ОА) елдерін арзан несие мен инвестициямен қамтамасыз ететін Қытай көптеген білім жобаларын да қаржыландырады. Мысалы, жыл сайын 100-ден астам өзбек студенті Қытай университеттері ұсынған грантпен білім алады.

Өзбекстан ОА аймағында алғаш болып жоғарғы оқу орындарында қытай тілін оқыта бастаған. 2005 жылы елде қытай тілі мен мәдениетін насихаттайтын алғашқы Конфуций институты ашылды деп жазады Азаттық тілшісі.

Пікірлер