Елімізде үй бағасы арзандайды

3438
Adyrna.kz Telegram

Еліміздегі тұрғын үй бағасы 10 процентке дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы жылжымайтын мүлік нарығы бойынша сарапшы Анель Мұқатова хабарлады. Бірақ қазірдің өзінде бағаны қолжетімді деу қиын. Қазан айында жаңа үйлердің орташа құны шаршы метрі үшін 305 мың теңгеден асты. Өткен айда елордада жасалған 5000-ға тарта келісімнің жартысынан көбі ипотекалық бағдарламалар арқылы рәсімделген.

Атам қазақ "Үйі жоқтың күйі жоқ" деген сөзді бүгінгі заманды болжап айтқандай. Пандемиямен қабаттаса келген экономикалық қиындықтар қоғамды теңселтіп тұр. Осыған орай Мемлекет басшысы біраз шараларды қабылдады. Тұрғын үй мәселесімен басы аурған жұрттың назары әрине, жоғары жақта.

Біздің елде жылжымайтын мүлік агенттігі арқылы келіссөздер негізінен екінші нарықтағы үйлерге байланысты жасалды. Көпшілік мұндай үйлерді 11 процентке қымбат алуға мәжбүр болды. Сол себепті болар келісімдер алдыңғы айға қарағанда 9 процентке аз рәсімделген. Айта кетейін, келесі жылы бас қалада 10 мың әлеуметтік пәтер пайдалануға беріледі.

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Анель Мұқатованың айтуынша: "Елордада өткен айда жылжымайтын мүлік бойынша 4780 сату-сатып алу келісімі жасалды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 9,6 процентке аз" дейді.

Елімізде ең басты проблемалардың бірі - баспана мәселесі екені белгілі.

Сонымен қатар, "Десе де, агенттік көрсетететін қызметтер үлесі артқан. Оның 60 проценті ипотекалық келісімдер болды. Ипотекалық несиелеу негізінен екінші нарықтағы үйлерге тиесілі", дейді Анель Мұқатова.

Тұрғын үй бағасы арзандаса, ай сайын пәтерге төлеп, қалтасы қағылған жұрттың біразы қоныс тойын тойлауға мүмкіндік болар еді.

 

Ұларбек Дәлейұлы

Сурет интернет желісінен

Пікірлер