14 жасында университет бітірді

2336
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Хайдарабад қаласында тұратын жеткіншек 14 жасында университет бітірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Агастья Джайсвал (Agastya Jaiswal) Хайдарабадтағы Осман университетін аяқтап, бұқаралық коммуникация және журналистика бакалавры дәрежесін алды. Вундеркинд 14 жасында ЖОО бітірген алғашқы студент атанды.

Джайсвал өзге салаларда да жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтсақ, ол қазіргі таңда үстел теннисі бойынша ұлттық жарыстарға қатысады және екі қолымен бірдей жаза алады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы АҚШ-та 14 жастағы жасөспірім магистр дәрежесін алған еді. Кельтон Костис (Kelton Kostis) тоғыз жасында Небраска штатындағы Белвью университетіне оқуға түскен. Білімді бала 12 жасында веб-технологиялар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, ақпараттық менеджмент бойынша магистрлік диссертация қорғаған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер