«Ақша қайда кетіп жатыр?» Елбасы жауап берді

3807
Adyrna.kz Telegram

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының құрылысына бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұл туралы ол «Qazaqstan» Ұлттық Арнасындағы "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде мәлімдеді.

«Көпшілік «Ақшаны қайда жіберіп жатыр?» деп жиі сұрайды. Астананы салғанда да солай болған. Бірақ қазір елордаға салынған бір теңге үш теңге болып қайтып жатыр. Сол сияқты бірінші кезеңде Түркістанға 350 миллиард теңге жұмсалады", - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Назарбаев белгіленген 160 нысанның тең жартысы салынып біткенін атап өтті. Оның айтуынша, қала құрылысына қажетті ақшаның тең жартысын жекеменшік компаниялар құйып жатқан көрінеді.

Деректі фильм барысында Елбасы
астананы Түркістан қаласына ауыстыруға қатысты пікірін де білдіре кетті.

"Ондай әңгімелердің негізі жоқ. Біз қазіргі астанамызды әрі қарай ұлғайтамыз. Кезінде 200 мыңдай халқы бар бұрынғы Ақмола 1 млн 200 мың тұрғыны бар алып шаһар болды. Нұр-Сұлтан деген атау алды. Оны мен ұсынбадым, бірақ қарсы да болғаным жоқ. Себебі, астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен, әрбір ғимарат менің қатысуыммен салынды. Сондықтан өзіміздің Нұр-Сұлтан қаласын дамытамыз»,-деп жауап берді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер