Баласын 28 жыл бойы қамауда ұстаған

3175
Adyrna.kz Telegram

Швед полициясы баласын 28 жыл бойы қамауда ұстаған Стокгольм тұрғынын тұтқындады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы vesti.ru-ға сілтеме жасап.

1992 жылы анасы 12 жасар ұлын мектептен алып кетіп, қайта апармаған. Қазіргі таңда 41 жастағы ер адамның тістері жоқ, өздігінен жүріп, сауалдарға жауап бере алмайды.

Өткен демалыс күндері ауруханада жатқан әйелдің үйіне көз қырын салуға алыс туысы келеді. Ол  пәтерге кіргеннен соң, жағымсыз иісті сезіп, қамауда отырған азаматты көрген. Айтуынша, ер адамның жағдайы ауыр күйде.

Басылым келтірген мәліметтерге сүйенетін болсақ, зардап шегуші ауруханаға жеткізіліп, оған дүйсенбіде шұғыл операция жасалған.

Айта кетейік, 41 жастағы ұлын қамауда ұстаған ана баласын бас бостандығынан заңсыз айырды деген айыппен қамауға алынды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер