Әблязов енді "Ақ жол" партиясын қолдауда

2083
Adyrna.kz Telegram

Әблязов енді "Ақ жолды" қолдауға шақырды. Перуашев партияға адам қабылдауды уақытша тоқтатты.

Қуғында жүрген бұрынғы банкир, Ақорда сыншысы Мұхтар Әблязов ЖСДП сайлауға бойкот жариялағаннан кейін жақтастарын "Ақ жол" партиясын қолдауға шақырды. Ал өздерін парламенттегі "оппозиция" атайтын "Ақ жол" партияға мүше қабылдауды уақытша тоқтатты.

Осыған дейін жақтастарын "Нұр Отаннан" басқа партияны қолдауға шақырған Әблязов "10 қаңтарда өтетін сайлауда жаппай заңсыздықты әшкерелейміз, сайлау нәтижесін жарамсыз етуге қол жеткіземіз" деп мәлімдеген еді.

"Не үшін Ақжол? Себебі, оның аймақтарда бөлімшелері бар, адамдары, ғимараты бар. Біз ЖСДП-ны қолдауға шақырған кезде бөлімше жетекшілері жан-жаққа бытырай қашып, тығылып, тек Алматы мен астанадағы бөлімшелерін ғана таба алдық. Көп адам өтініштерін қайда өткізерін білмеді" деді Мұхтар Әблязов 1 желтоқсан күнгі тікелей эфир кезінде.

"Біз нені көздеп отырмыз? "Нұр Отан" партиясының айтарлықтай көп дауыстан айырылып, басқа партияларға көп дауыс берілсе деп отырмыз. Соның нәтижесінде орталық сайлау комиссиясы, сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін мұғалімдер тұтас фальсификациямен айналыса бастайды. Ал біз оларды әшкерелеп, анықтап, сайлау нәтижесінің мойындалмауына қол жеткіземіз. Соның салдарынан жаппай наразылық туындайды. Көшеге көп адамды алып шығамыз" деді Әблязов.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Азаттық Радиосы»

Пікірлер