Еліміздегі ғарыш саласының бүгіні мен болашағы қандай?

2348
Adyrna.kz Telegram

Ғарыштың тылсым сырларына үңілу, жұмбағын шешу, тіпті, қажет болса оны игеру ғылым мен технология қарыштаған заманда күн тәртібіндегі негізгі мәселе болып тұрғаны анық. Байқоңырымен әлемге әйгілі еліміздегі ғарыш саласының бүгіні және болашағы қандай?

"Қазақстан-2050" стратегиясында елімізде толыққанды ғарыш саласын құру Республика экономикасын жаңғыртудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде айқындалған болатын. Алдағы онжылдықта Қазақстан ғарыш қызметтері бойынша әлемдік нарықтағы салмағын арттыру жоспарланған.

Елдегі ғарыш саласы бойынша нысандар мен жерүсті инфрақұрылымдары біріңғай негізде ұйымдастырылған. Ғарыш саласын дамытудың барлық стратегиялық бағыттары бойынша кәсіпорындар құрылған. Бүгінгі таңға дейін аталмыш сала бойынша кәсіпорындардың ғылыми және инженерлік құрамының білікті кадрлық ядросы қалыптастырылып, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы жинақталған. Шет елдер мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында Ғарыштық техника және технологиялар бойынша мамандар даярлануда.

Бүгінге дейін елдің қажеттіліктерін қанағаттандыру, ақпараттық қауіпсіздігін, сондай-ақ қызметтер импортын төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында "Kazsat-2", "Kazsat-3" байланыс спутнигінен және "KazEOSat-1", "KazEOSat-2" жерді қашықтықтан зондтаудың екі спутнигінен орбиталық топтмалар құрылып, пайдалануға берілген болатын.

Елімізде әйгілі ғалымдар, профессорлар мен академиктер жұмыс істейтін үш ғылыми институтты біріктірген ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы жұмыс істейді. Орталық астрофизика, жер ионосферасы және ЖҚЗ саласындағы ғылыми зерттеулердің дәстүрлі бағыттарын одан әрі дамытумен қатар, жаңа бағыт – Ғарыштық техника мен технологиялардың отандық үлгілерін әзірлеу бойынша табысты қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Қазіргі таңда "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы табысты жұмыс істеуде. Орталық "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштарды ұшырудың экологиялық мониторингін жүргізеді. Сондай-ақ, олардың қоршаған ортаға және Қазақстан халқының денсаулығына әсерін бақылауда ұстайды. Бұдан бөлек Алматы, Байқоңыр және Жезқазған қалаларында стационарлық зертханалар, сонымен қатар тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктер құлаған аудандарда жұмыс істеу үшін жылжымалы зертханалар құрылған болатын.

2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта "Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің жемісі" Еуразиялық технологиялық платформасы аясында ЖҚЗ деректері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсету бойынша ЕАЭО елдерінің кооперациялық жобасын іске асыру белгіленіп отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер