Ақтауда ұшақтан ауруханаға жеткізілген сәби көз жұмды

2617
Adyrna.kz Telegram

30 қарашада ұшақ бортынан шұғыл ауруханаға жеткізілген 6 айлық сәби Ақтауда көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталыі Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

30 қараша күні бұл қаладан Ыстамбұлға бет алған ұшақ баланың денсаулық жағдайына байланысты қайтадан кері қонған еді. Балақайға өкпесі қабынған деген диагноз қойылып, дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның дене қызуы үш күн бойы түспеген және ағзасынан қосымша сепсис, ауыр түрдегі қайталама энцефалит белгілері анықталған.

Аталған мекеме өкілдері «Бала полиорганды жетіспеушілік салдарынан 2 желтоқсан күні қайтыс болды», - деп хабарлады.

«SCAT» әуекомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилованың айтуынша, бортта болған бала өзін нашар сезінген.

Пікірлер