Шымкент тұрғыны 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болған (видео)

5791
Adyrna.kz Telegram

Шымкент тұрғыны 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Шымкент қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 17 желтоқсанында шамамен сағат 23:15-те Еңбекші аудандық Полиция басқармасының кезекші бөлімінің "102" сымтетігіне қоңырау түсіп, қарт әйелге көмек керек деген шақырту келген.  Оқиға орнына шұғыл барған жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде белгісіз тұлғаның 70 жасар әйелді зорламақшы болғанын анықтады.

Сол күні аталған жайт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 1-бөлігі (зорлауға әрекет ету) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қабылданған шаралардың арқасында күдікті адамның жеке басы анықталды. Ол – Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет сотты болған.

Айта кетейік, қазіргі таңда күдікті адамды ұстауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер