Әли Ахмедов: Менімен бірге қалғандарға рахмет

3993
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) эквадорлық Карлос Гонгорамен (19-0, 14 КО) өткізген жекпе-жегінде жеңілісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кеше ғана, яғни 19 желтоқсан күні өткен бұл жекпе-жекте екінші орта салмақта IBO титулы сарапқа салынған еді. 12-ші раундта Ахмедов нокаутқа түсіп қалды. Өкінішке қарай, сол сәтке дейін үш төрешінің де есебі бойынша ұтып келе жатқан екен.

Ахмедов Instagram желісінде: "Бұл бокс. Мықтырақ болып ораламын. Менімен бірге қалғандарға рахмет!" - деп жазыпты.

Пікірлер