ОЛЖАС ӘБІЛ: Қатты ұялып жүрмін

2836
Adyrna.kz Telegram
Өткенде түрік жастары "Қазақстан жалғыз емес" деген флешмоб ұйымдастырып бізге қолдауын көрсетіп жатыр, ізгі ниеттері үшін оларға үлкен алғыс әрине. Ол біз үшін үлкен демеу боп қалды.
Ютубте жүрген сол роликтің көрілімі 200 мыңнан асыпты.
Енді кеше сол роликтің астындағы пікірлерді оқып отырсам орысша комменттер бықып жүр екен...
Құдай біледі, соны жазып отырған өзіміздің қарагөз қазақтар.
Жалпы, түркі халықтары бізді сыйласа "ортақ атажұрттағы шаңырақтағы тілін, ділін, салт - дәстүрін сақтап отырған бауырларымыз" деп қана сыйлайды.
Меніңше бізге осыны түсіну керек сияқты.
Әйтпесе оларға түрі ғана қазақ, өзі орыстілді, орысділді халықты бауырға тартып ағайын болудың көктиынға да қажеті жоқ.
Мен Алтай тауының маңын мекендеген Ресейдегі бізге бауырлас түркі халықтарының қатты орыстанып кеткенін білемін. Олар өз тарихын да орыстың көзімен оқиды.
Әлі күнге шейін екінші дүниежүзілік соғыста орыс үшін қанша батыры соғысып жан бергенін, қан бергенін мақтан тұтады.
Орысша сөйлейтіндігін дәреже көреді. Сөз арасында орыс классиктерінен үзінді келтіріп, білімділігін байқатып тыраштанып жатады. Соны өздері мәдениеттің шыңы деп біледі.
Бір сөзбен айтсақ, Сібірдегі түркі халықтары орысшыл, идеологиялық тұрғыда шатасқан мақтабас халықтар.
Меніңше, біз де солардан пәлендей алыс кеткен жоқпыз.
Біз тәуелсіз түркі елдерінің, азат түркі халықтарының арасындағы ең орысшыл халықпыз. Соны білемін.
Соны түсініп, соңғы кезде өзге түрік халықтарының арасында ақталып, қатты ұялатын боп жүрмін.
Пікірлер