Қазақстанда НОД ұйымы бары рас па?

2830
Adyrna.kz Telegram

Қазнетте мақсаты - аумақтық тұтастықты бұзу және Қазақстанның тәуелсіздігін жою болып табылатын белгілі бір НОД ұйымының бар екендігі туралы хабарлама пайда болды. Әлеуметтік желілердің хабарлауынша, оның басшысы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Желі қолданушылары НОД ұйымының ашық жұмыс істеп, тіпті қазақстандықтар арасынан ұйымға жаңа мүшелерін қосып, оларды Алматы мен Нұр-Сұлтандағы кеңселеріне шақыратындығы туралы хабарлады. Осыған орай қалалық полиция Департаменті ресми мәлімдеме жасады.

«Бұл ақпарат тексерілді. Жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша және жалпы астана аумағында НОД деп аталатын ұйымның штаб-пәтері жоқ.Ақпарат жалған, ал бұл ұйымда көрсетілген адамдар Қазақстан азаматтары емес. Арандатушылық әрекеттерге мойынсұнбауыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер