Армяндық Шурнух ауылының басшысы Әзірбайжан әскерінің келгенін мәлімдеді

2253
Adyrna.kz Telegram

Сюник облысының Шурнух шекаралас армян ауылының басшысы Акоп Аршакян сенбіде елді мекенге Әзірбайжан әскері кіргенін айтты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Армения-ға сілтеме  жасай отырып хабарлайды.

Бұл жерге армян шекарашылары, Әзірбайжан әскерлері және Ресей шекарашылары келді. Бекеттер тікелей ауыл аумағында орнатылады.

"Бәрі аяқталды. Әзербайжандар, орыстар, біздің шекарашылар келді. 5 қаңтарға дейін олар соңғы мерзім  берді, олар ауылдың ортасына бекеттер қояды", - деп мәлімдеді Акоп Аршакян  Facebukте жариялаған            мәлімдемесінде.

Ол Әзірбайжан әскерлері мен оқиға орнына келген ресейлік шекарашылар КСРО Қарулы Күштері Бас штабының 1942 жылғы картасына сүйенетіндерін атап өтті.

"Бұл карта бізде де бар, онда шекара ауыл аумағы арқылы емес, ауыл астынан өтеді. Бірақ бұл туралы оларға ешкім айта алмайды... Оларға ауылдық кітапхана ғимараты да өтіп кететін секілді", - дейді Аршакян.

Желтоқсан айының соңында Әзірбайжан әскерлерінің өкілдері оларға бір күн ішінде Шурнух ауылының бір бөлігін беруді талап етті. Армян билігінің әрекетсіздігіне наразылық білдіріп, жергілікті тұрғындар Гористен Капанға дейінгі жолды бірнеше сағатқа жауып тастаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Арменияның Сюник облысындағы жағдай соғыс нәтижесінде Қарабақтың кейбір аудандары Әзірбайжанның бақылауына кеткеннен кейін шиеленісе түсті. Осыдан кейін Әзірбайжанмен шекараны демаркациялау процесі басталды, бұл шекаралас елді мекендер тұрғындарының наразылығын тудырған болатын. Сюникте наразылық акциялары басталды, азаматтар шекара мәселесін шешуді және оларды құқығынан, үйлерінен және қауіпсіздігінен айыратын заңсыз демаркацияны талап етіп, жолдарды жауып тастады. Жағдай әсіресе Капан-Горис жолының учаскесіне, сондай-ақ бірнеше ауылға, соның ішінде Дэвид Бек пен Шурнухқа байланысты шиеленісе түсті.

18 Желтоқсанда Армения премьер-министрі Никол Пашинян Халыққа бейнеүндеу  барысында Сюникедегі жағдайға түсінік бере отырып, республика халықаралық деңгейде мойындалған шекараларға оралатынын атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, мұның бәрі Сюникте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалуда.

Фото ашықдереккөзден алынды

Пікірлер