БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Лукашенко АҚШ-тан қорқып отыр ма?

2204
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Белоруссияда өткен президент сайлауын легитимді деп мойындамайды. Белоруссияда өткен президент сайлауы ОБСЕ талаптарына мүлдем сай келмейді. АҚШ-тың өкілдер палатасы Белоруссиядағы жағдайға байланысты арнайы заңдарды қарап, санкциялар пакеттерін дайындап жатқанын хабарлады. Бұл заң жобалары республикашылдар бастаған Кристофер Смиттің бастамасымен қаралуда.

АҚШ-тың өкілдер палатасы Белоруссиядағы президент сайлауындағы фальсификация жасаған орталық сайлау комиссиясының төрағаларының, БАҚ басшыларының, жаппай қуғындауға кіріскен органдар басшыларының, адам құқы мен бостандығын шектеген барлық процедуралардың бәрін ескеріп, заңды мақұлдап жақында таққа отыратын президентке жолдайды. Заң проектілерінің дайындалуы да президенттің таққа келуімен тұспа-тұс келіп жатыр. Заңның ішінде Белоруссияда болып жатқан цензураға қарсы көмек, интернет желісінің шектелгеніне көмек көрсету, саяси қуғынға ұшырағандарға қол ұшын беру қарастырылған.

Лукашенко АҚШ-тың дегенін орындауға мәжбүр

2021 жылдың 11-12 ақпанында Лукашенко елдің конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізу шараларын өткізбек. Бұл шараға елдегі тұтас қоғамдық ұйымдар, азаматтық альянстар, оппозициялық күштердің барлығына қатысуға мүмкіндік туып тұр. Себебі, Лукашенко өзі тұтас Белорусь халқын осы шараға шақырып жатыр. Лукашенко АҚШ-тың санкциясы мен қысымынан қорқып отыр. Елдегі 4-5 ай бойына созылған дүмпулер елдің экономикасын тығырыққа тіреп, көптеген өндіріс орындары мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатқан. Мемлекеттің бюджетіне түскен салмақ өте ауыр. Екінші жағынан АҚШ пен Еуроодақтың санкциясы қыспаққа алғалы тұр. Сондықтан Лукашенко алдын ала осындай қадамға барғалы отыр. Солай жасауға мәжбүр.

 

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер