Ниет болса, қазақ тілін үйреніп алуға болады!

2030
Adyrna.kz Telegram

"Абай" телеарнасының бас продюсері,

Мәдениет және ақпарат саласының үздігі, журналист, ф.ғ.к. Жаңылхан Асылбекова "Салмақты сұхбат" халықаралық онлайн студиясының қонағы болды.

"Салмақты сұхбаттың" модераторы, ғылым бағыты бойынша "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Қуаныш Жұмабекұлы Жаңылхан Асылбековаға төмендегідей сұрақтар қойды:

1) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді.

Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек», – деген болатын.

Сіздің ойыңызша бүгінгі таңда қазақ халқы қандай сын-қатерлерді басынан өткеріп жатыр?

2) Президенттің қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарымызға үндеу тастағанын білесіз.

Мәселе ниетте екенін айтты. «Ештен кеш жақсы. Ең бастысы, ынта болуы керек», – деді.

Қарап отырсақ, биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады.
Әлі де қазақша білмейтіндер көп.

Ынтасы жоқтарды ынталандырудың жаңа тәсілдерін ойластырған дұрыс па, әлде бұл міндеттеу арқылы ғана шешілетін нәрсе ме?

3) Жаза-жаза жауыр, айта-айта ақжем болған тақырыптардың бірі — осы тіл мәселесі.

Қазақ тілінің өз тұғырына қонуына қанша уақыт қалды деп ойлайсыз?

4) Жартылай қазақша, жартылай орысша түсірілген фильмдер бар. Аралас мектептер де жетерлік. Бұлар кімге дәру, неге зәру?

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар!

(Инстаграм: kuanysh_zhumabekuly

YouTube: Қуаныш Жұмабекұлы)

Пікірлер