Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр

9722
Adyrna.kz Telegram

Алматыда аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Спортшының қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралуда.

"Алмалы аудандық сотында ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралу үстінде", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қуат Хамитов  қала үстімен ұшып жүрген тікұшақтарды атуға және дезинфекция жасап жүрген жандарды ұруға шақырған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер